jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Екінің бірі орындай алмайды": Магомаевтың әнін айтқан жігіт желі жұлдызына айналды (видео)

    Муслим Магомаев
    Видеодан кадр: Instgaram/ kaskelenkz

    Әлеуметтік желіде Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" әнін орындаған жігіттің видеосы тарады. Көпшілік гитара тартып әндеткен өнерпазға тамсанып жатыр.

    Аталған бейнежазба "Қаскелең" деп аталатын Instagram парақшасында жарияланды.

    Автор видео астына "өзі жап-жас болса да, даусы зор екен. Қалай орындады деп ойлайсыздар?" деп жазды. Ал бейнежазбада кадр сыртындағы дауыс "денем түршігіп кетті" дейді.

    Бұл видеоны көрген көпшілік жігіттің талантына тамсанды.

    "Үлкен сахнаға шығуыңа тілектеспін", "Керемет, не деген дауыс", "Бұл әнді екінің бірі орындай алмайды", "Рахаттанып қалдым", "Не деген тұнық дауыс", "Нағыз талант" деді олар.

    АЛайда видеодағы жігіттің аты-жөні кім екені, өнер саласына қатысы бар-жоғы белгісіз.

    "Екінің бірі орындай алмайды": Магомаевтың әнін айтқан жігіт желі жұлдызына айналды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.