jitsu gif
Шоубиз

    "Сізден үлгі алу керек": актриса Әсел Асқар әкесіне бренд сыйлық тарту етті (видео)

    Әсел Асқар
    Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

    Қазақстандық блогер, актриса Әсел Асқардың әкесімен түсірген видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті. Өнер иесі әкесіне бренд сыйлық тарту етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актриса видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялады.

    "Әкем ескіліктің адамы. Оған бренд аяқ киім сыйлағым келді. Алайда әкем шүберекке бола мол қаражат құртудың ақымақтың екенін айтты.

    Алайда мен ол кісіні көндірдім. Әкем жас әрі сымбатты көрінсе, керемет емес пе? Сені жақсы көрем, әке! Бұл қуанышты сәт әкемнің есінде ұзақ уақытқа сақталады деп ойлаймын", - деп жазды актриса.

    Ал желі қолданушылары видеоны көріп, көңілі босағанын жарыса жазды.

    "Сіз секілді қыз аз ғой", "Анаңыз бен әкеңізді қадірлеңіз. Өз әкем еске түсіп, жылап алдым", "Бізді сол қалпымызбен жақсы көретін адамдар ғой", "Әкеңіз қандай жақсы адам", "Бақыт тілейміз", "Жақындарыңыз аман болсын", "Сізден үлгі алу керек", - деп жазды актрисаның оқырмандары.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.