jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің тойында ән шырқады (видео)

    Ахметжан Есімов ән шырқауда
    Ахметжан Есімов ән шырқауда. Видеодан кадр: Instagram/janibek.showman

    Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында құрметті қонақ болып, көпшілік алында ән шырқады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Серікбол Сайлаубектің тойында түсірілген видеолар Instagram желісінде тарап кетті. Онда Ахметжан Есімовтың отандық эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиевпен бірге ән салып жатқанын көруге болады.

    Саясаткер мен әнші Ермек Меденовтың сүйемелдеуімен "МузАрттың" "Жүрегім менің" әнін орындады.

    "Қандай керемет көрініс. Ән өнерінің қазіргі хан тәңірі, елдің ардақты, асыл азаматы, тізгін ұстаған ел ағасы Ахметжан Есімовпен жанды дауыста ән шырқады", - деп жазды видео авторы.

    Сонымен қатар Ахметжан Есімов ел алдына шығып, сөз сөйледі. Алматының экс-әкімі ерлі-зайыптыға ақ тілегін жолдап, тойды басқарған асабаның өнеріне жоғары бағасын берді.

    Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің тойында ән шырқады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.