jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "40 шақты жұмысшысы бар": Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы немен айналысатынын айтты

    Қайрат Нұртас пен Заңғар Нұртас
    Қайрат Нұртас пен Заңғар Нұртас. Фото: instagram.com/zangaar

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғар Нұртастың жұмысы жайлы бар шындықты айтты. Ол жұлдызды жанұяны "тек Қайрат Нұртас қана асырап отыр" деген ел арасында айтылып жатқан сөздерге қатысты жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде оқырмандарымен тілдесіп, олардың жазған пікіріне жауап берді. Ол жұлдызды отбасы Қайрат Нұртастың арқасында ғана күн көріп отырғанын жоққа шығарды. Продюсердің сөзінше, әр ұлының өз жұмысы бар.

    Айдарбекова кіші ұлы Заңғар Нұртастың 40 шақты қызметкері бар екенін айтып қалды.

    " Уайымдамаңыз, бәрінің өзіне жетерлік табысы бар. Бірақ сіз оны білмеуіңіз мүмкін. Халықтың ұлы Қайрат болған соң, ол не істесе де, сіздер білесіздер. Басқалары көрсетіп жасауға міндетті емес. Заңғардың қырық шақты жұмысшысы бар. Заңғар солардың нәпақасының табуына себепкер болып, сауапты іс жасап жатыр. Балаларым біреуге жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ бас-көз болып жұмыс істетеді", - деп жазды ол.

    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i
    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

    "40 шақты жұмысшысы бар": Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы немен айналысатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.