jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Таңдаудан қателеспеген": ерекше отбасылық видео жариялаған Байзақова елді сүйсінтті

    Айжан Байзақова күйеуімен
    Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

    Отандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова желіде күйеуі екеуінің бақытты сәттерінен үзінді жариялап, елді сүйсінтті. Қалың көпшілік ерлі-зайыптыға, олардың арасындағы махаббатқа тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжан Байзақова ерекше отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

    Бейнежазбада блогер арудың күйеуі Арыстан Нұрбекпен өткізген бақытты сәттері көрініс табады. Желі жұлдызы оқырмандарына жолдасы екеуінің өміріндегі маңызды күндерден үзіндіні көрсеткен.

    "Бәрі жақсы болады" , - деген қысқа жазба қалдырды Байзақова.

    Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тамсана қарап, жылы лебізін білдірген.

    "Ең әдемі жұп", "Менің сүйікті жұбым. Бақытты болыңыздар", "Тәтті балапандарыңыз көп болсын", "Нағыз ер азамат", "Айжан өз бақытын тапты", "Байзақова таңдаудан қателеспеген. Жолдасы әркез қасында, қолдап жүреді", "Махаббаттары ерекше. Бақытты күндеріңіз көп болсын", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.