jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайта оралдым": Төреғали Төреәлі жазбасымен елді қызықтырып қойды

    Төреғали Төреәлі. Фото
    Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі желіде жаңа жазба жариялап, жанкүйерлерін қызықтырып қойды. Өнер иесі жақында тыңдармандарын тың туындымен қуантпақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялады. Онда классикалық стильде киініп алған әншінің қараңғы бөлмеге кіріп келе жатқанын көруге болады.

    Өнер иесі осылайша тыңдармандарымен байланысқа шығып, соңғы жаңалығын жария еткен.

    "Амансың ба, дос қалай?Ауырмай ма, бас қалай? Мен де қайта оралдым. Бұл жолы сәл басқалай", - деп жазды "Ұлы дала баласы".

    Желі қолданушылары бірден әртістің жазбасын қызу талқылап, пікірлерін жаудыра бастады.

    "Құтты болсын! Жаңа әндерді күтіп қалдық", "Шығармашылыққа кірісейін деді. Жарайсың. Күтеміз", "Жаңа қадам құтты болсын", "Жиі оралып тұрыңыз", "Бірақ бұл жолы жүргізуші куәлігінсіз", "Сіз үшін қуаныштымыз", - деп жазуда көпшілік.

    Сонымен қатар Төреғали жақында "Айнадағы қыз" атты әнін жарыққа шығаратынын хабарлады.

    "Қайта оралдым": Төреғали Төреәлі жазбасымен елді қызықтырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.