jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    KeshYOU тобы әйгілі Snoop Dogg-пен бірлесіп ән жазды

    KeshYOU тобы әйгілі Snoop Dogg-пен
    KeshYOU тобы әйгілі Snoop Dogg-пен. Фото: Instagram/keshyou_official

    Қазақстандық танымал KeshYOU тобы әлемге әйгілі рэпер Snoop Dogg-пен коллаборация жасады. Отандық топ әлемдік жұлдызбен жұмысты бастап кеткен. Қазіргі уақытта KeshYOU Лос-Анджелес қаласында бейнебаян түсіріп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    KeshYOU тобы Snoop Dogg-пен ән жазып жатқанын өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жария етті. Қазіргі уақытта қазақстандық әнші арулар әлемге әйгілі рэп орындаушымен бірге Лос-Анджелес қаласында бейнебаян түсіруде. Желіде клиптің түсірілімінен үзінді жарияланды.

    Айта кетерлігі, KeshYOU тобының продюсері түсірілім алдында Snoop Dogg-қа қазақтың ұлттық шапанын жапқан.

    Желі қолданушылары бұл коллаборацияға қатты қуанып, тың туындыны асыға күтетінін жазуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.