jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада сот Қайрат Нұртасқа қатысты азаматтық талап арыз бойынша мәлімдеме жасады

    Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас. Фото: Instagram/kair_n

    Астана сотының баспасөз қызметі әнші Қайрат Нұртас пен оның продюсеріне қатысты азаматтық талап арыз бойынша судья қандай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қалалық сотының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Астана қалалық сотының Азаматтық алқасы кәсіпкердің талап арызы бойынша әншіге және оның продюсеріне қатысты келісімді жарамсыз деп тану туралы істі қарады.

    Елорда соты баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2023 жылы қарашада екі жақ тарап әншінің Атырауда жаңа жылдық корпоративте өнер көрсетуі туралы өзара ауызша келісімге келіп, талапкер 1000 доллар көлемінде алдын ала төлем жіберген.

    "2023 жылдың 30 қарашасында «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы әншінің Атырау қаласында өнер көрсететіні тапсырыс берушіге белгілі болды. Іс-шаралардың өткізілу уақыттарының жақын екендігін ескере отырып, талапкер әртістің өнер көрсетуін өзекті емес деп санады.

    Бірінші сатыдағы сот тараптар арасында шарттың болмауына байланысты талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін мән-жайлар анықталмады. Алайда, талапкер міндеттемелерді орындаудан бас тарту оның бастамасымен орын алғанын жоққа шығармады", - деп жазылған іс материалдарында.

    Сот органының мәліметіне сүйенсек, Азаматтық кодекстің 153 бабына сәйкес, жасалған мәмiле жазбаша айғақталмай, дау туындаған жағдайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе оның орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырылады.

    Астана қалалық соты Азаматтық алқасының қаулысы бойынша, бірінші сатыдағы соттың талап қоюдан бас тарту туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

    Астанада сот Қайрат Нұртасқа қатысты азаматтық талап арыз бойынша мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.