jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Басымнан өтті": Анар Батырхан ажырасқан жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты

    Анар Батырхан
    Анар Батырхан. Фото: instagram.com/anarabatyrkhan

    Қазақстандық танымал актриса әрі тележүргізуші Анар Батырхан жеке өмірі жайлы сыр шертіп, ажырасқан азаматқа тұрмысқа шығуға қатысты ойын ашып айтты. Өнер иесі некесі сәтсіз аяқталған ер адаммен отбасын құруға дайын екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Анар Батырхан жеке өмірі жайлы жан сырын "Мамский әңгіме" бағдарламасында ақтарды. Ол ажырасқан жігітке тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін айтты. Актриса бұл тұрғыда басынан өткен жағдайды баяндады. Сөзінше, ол некесі сәтсіз аяқталған ер адаммен қарым-қатынаста болған.

    "Мұндай жағдай менің басымнан өтті. Ол кісі төрт балаға өзі қарады. Әйелі балаларын қалдырып кеткен. Ананың сезімі, жүрегі қайда?! Мен басында қатты таңғалдым. Ол кісі "қазір жеке өмірге деген құштарлығым жоқ, балаларды өсіру керек" деп айтты. Сол кезде өзіме мынадай сұрақ қойдым: Мен ертең осы балаларға ана бола аламын ба? деп ойладым. Мен төрт балаға ана бола алмайтынымды түсіндім.

    Бірақ кейін маған ажырасқан, бірақ балалары анасымен тұратын ер адам кездессе мен қарсы емеспін. Адам ажырасамын деп үйленбейді. Сол себепті мен ажырасқан ер адамға тұрмысқа шығуға дайынмын. Егер ол адам мені түсініп тұрса, мінезіміз келіп тұрса болғаны", - деп ағынан жарылды тележүргізуші.

    "Басымнан өтті": Анар Батырхан ажырасқан жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.