Дариға Бадықова "Жылдың үздік актрисасы" атанды
Опубликовано:

Отандық актриса Дариға Бадықова "Жылдың үздік актрисасы" атанды. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Дариға Бадықова өзін жақсы көретін көрерменге алғыс айтты.
"Тағы үздікпін. Тілек айтыңыздар. Биыл "2024 жылдың үздік актрисасын" алдым. Мені жақсы көретін көрермендерге рақмет. Жек көретін көрермендерге де рақмет", - деді ол.
Мұны көрген көпшілік актрисаны құттықтап, ақ тілегін жаудырды.
"Тамаша, құтты болсын", "Бағындырар белесіңіз көп болсын", "Еңбегіңіз елене берсін", "Жұлдызыңыз жана берсін", "Мықты қыз", "Жек көре алмаймын-ау, тастамаймын да", "Сені қалай жек көруге болады?", "Еңбек" , - деп жазды жұрт.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2105052-dariga-badyqova-zhyldyng-uzdik-aktrisasy-atandy/