jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Іштарлық болады": отандық әнші Бейбіт Қорған өнерде досы жоқ екенін ашық айтты (видео)

    Бейбіт Қорған
    Бейбіт Қорған. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

    Отандық әнші Бейбіт Қорған өнерде досы жоқ екенін айтты. Эстрада жұлдызы шығармашылық ортада жүрген әріптестеріне қатысты ойын "1001 түн" бағдарламасында жеткізді.

    Өнер иесі достық қарым-қатынасқа көбіне көреалмаушылық себеп болатынын атап өтті.

    "Менің ойымша, өнерде дос деген жоқ сияқты. Достықты көрсететіндер көп шығар, мүмкін. Менде өнерде дос жоқ, тек әріптестер ғана бар. Бәріміз адам баласымыз, ешкім өнер адамы болып жаралмайды. Адам баласы болып өмірге келгеннен кейін іштарлық пен көреалмаушылық болады.

    Қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондайлығы (қасиеті -ред. ескертпесі) болмағандар ғана жақсы биіктікке жетеді деп ойлаймын. Сахнаны қызғанбаймын, өйткені сахна тек менікі емес", - деді Бейбіт Қорған.

    Ал желі оқырмандары эстрада жұлдызының сөзін қолдай кетті.

    "Дұрыс айтады", "Өмірде де дос жоқ қой", "Нағыз жігіт", "Келісемін", "Мықты жігіт", "Ақылы тоқтап, абырой-атақ деп арын сатпаған жігіт", - деді көпшілік.

    "Іштарлық болады": отандық әнші Бейбіт Қорған өнерде досы жоқ екенін ашық айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.