jitsu gif
Шоубиз

    "Шараптың дәмін бірге көрдік": Ләйлә Сұлтанқызы 30 жылдан соң сыныптастарымен кездесті (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: instagram.com/ sultankyzy

    Ләйлә Сұлтанқызы мектеп бітіргеніне 30 жыл толуына орай сыныптастарымен кездесті. Тележүргізуші көңілді кештің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    Журналист сыныптастарымен өткізген сәтті желіде сақтағысы келетінін айтты.

    "Бір нанды бөліп жемесек те, пирожки жегіміз келгенде ақшаны сыныптастарымыздан сұрайтынбыз. Біз бірге өстік, есейдік, сабақтан қаштық, дұрыс жауапты бір-бірімізден көшірдік, қателестік, төбелестік, "старшактарға" ғашық болдық, шараптың дәмін де бірге көрдік. Ұлдар шашымыздан тартып, қыста бетпен қарға шомылдырған қайтып келмес кездер-ай…

    Қыздарға қып-қызыл помада да ортақ еді, алғашқы макияжымыз.

    Биыл 30 жылдық кездесу. Бәрі бір-бір үйдің отағасы, отанасы. Бізді байланыстыратын, жүректен еш өшпейтін балалық шағымыз. Бетімізге әжім түсіп, артық салмақ жиналса да, көңіліміз, мінезіміз баяғыдай. Адам өзгермейді екен ғой, о тоба", - деп жазды ол.

    Ләйлә Сұлтанқызы 1990-1994 жылдары сабақ берген ұстаздарына да алғыс айтты.

    "Шараптың дәмін бірге көрдік": Ләйлә Сұлтанқызы 30 жылдан соң сыныптастарымен кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.