"Қонақтарға пәтер мен көлік таратты": отандық кәсіпкер 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Жарияланған күні:

Оңтүстік астанада отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Мақсат есімді кәсіпкердің 50 жас мерейтойы дүркіреп өтті. Думанды тойда қонақтар арасында Астанадан жаңа пәтер, электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен шетелге жолдамалар ойнатылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Белгілі кәсіпкердің дүбірлі тойы Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Мерекелік шараға бірқатар өнер иесі қатысты. Жұлдызды қонақтар арасында Қайрат Нұртас, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер, Айгүл Мүкей, Raim, Қалқаман Сарин, Заңғар Нұртас және т.б бар.
Кеш тізгіні танымал асаба Руслан Искаковта болды. Оған қоса думанды тойдың бір бөлігін Қалқаман Сарин мен Айгүл Мүкей жүргізген.

Эстрада өкілдері туған күн иесін құттықтап қана қоймай, той қонақтары үшін өнерін де паш етті.
Бизнесменнің мерейтойында белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов бой көрсетті.

Той иесі қонақтарына арнайы лотерея ойнатып, бағалы сыйлықтар тарту еткен. Меймандар арасында Астанадан жаңа пәтер, электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен Дубай мен Италияға жолдама ойнатылды.
Заңғар Нұртас Samsung телефонын ұтып алса, әнші Мұқасан Шахзадаевтың отбасы бас жүлде пәтерге ие болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2107329-bas-zhuldege-pater-men-kolik-belgili-kasipker-50-zhas-mereitoiyn-durkiretip-atap-otti-foto-video/