jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Көре алмайды деп ойлап едім": Балжан Бидаш Димаштың Стамбұлдағы концертіне барды

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: Instagram/ bidash_official

    Отандық әнші Балжан Бидаш Димаш Құдайбергеннің Стамбұл қаласындағы концертіне барып қайтты. Эстрада жұлдызы отандасының кешіне қатысты ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    Балжан Бидаш Димаш Құдайбергеннің концерті өзіне де жұғысты болғанын тіледі.

    "Стамбұлдағы саяхат сәтті өтті. Димаш ұлдарыңыз Стамбұлдың 40 мың адамдық Бешикташ стадионында концертін берді. Көрермендер жан-жақты елден келген. Концертті тек өзі алып шықты, әрқашан әлемде дауысың шырқалсын! Біз сенімен мақтанамыз", - деп жазды ол.

    Ал желі оқырмандары Балжан Бидаштың сөзіне қосыла кетіп, ақ тілегін айтты.

    "Димашқа отырып айтса да, жатып айтса да жарасады", "Мәссаған, не деген адам көп", "Димашты қолдағаныңызға мың алғыс", "Қазақ әншілері қолдай алмайды, көре алмайды деп ойлап едім, сіздің жүрегіңіз таза екен, жұғысты болсын", "Димашты сүйген сені мақсатына жеткізсін", "Осы қызды сондай жақсы көремін", "Сіздің концертіңізге бару бұйырсын", - деп жазды жұрт.

    "Көре алмайды деп ойлап едім": Балжан Бидаш Димаштың Стамбұлдағы концертіне барды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.