jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әнші Нұржан Қалжан "Қазақстанның құрметті азаматы" атанды (фото, видео)

    Нұржан Қалжан
    Нұржан Қалжан: Instagram/nurzhan_halzhan

    Отандық танымал әнші Нұржан Қалжан "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" атанды. Қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерекше марапатқа ие болып, қуанышы қойнына сыймаған әнші Instagram-дағы парақшасында жаңа жазба жариялады.

    Ол марапаттау салтанатынан сурет пен видео жариялап, қалың көпшілікке "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" төсбелгісін көрсетті.

    "Бүгін Астанада осындай марапатқа ие болдым ағайын. "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" төсбелгісіне ие болдым. Құттықтап шабыт беріп қойыңыздар. "Болар елдің баласы бірін бірі батырым дер" деп, қолдап қуанышымды қуанышқа жалғап жатсаңыздар содан асқан бақыт жоқ менде. Бұл жай төсбелгі, дегенмен де өзім шабыт алып, әлі алда талай жұмыс тұрғанын сезініп қайттым", - деп жазды Нұржан Қалжан.

    Әнші Нұржан Қалжан "Қазақстанның құрметті азаматы" атанды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.