jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Үйленіп жатыр ма": Димаш Құдайбергеннің бейтаныс аруға жүзік сыйлаған видеосы қызу талқыға түсті

    Димаш Құдайберген мен бейтаныс ару
    Димаш Құдайберген мен бейтаныс ару. Видеодан кадр: TikTok/ andrea_kudaibergen

    Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің бейтаныс аруға жүзік сыйлаған видеосы тарады. Көпшілік қазақстандық әншінің бұл әрекетіне таңданып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жақында туған күнін Стамбұл қаласында қарсы алған әншінің жеке өмірі әрдайым қызық. 30 жасты еңсерген халық әртісі сүйіктісі бар-жоғы жайлы тіс жарған емес. Ал видеоны көрген желі оқырмандары Димаш Құдайберген сүйіктісіне сөз салды деп топшылап отыр.

    "Сүйіктісі ме?", "Димаштың тойы болса, осыған дейін еститін едік", "Жарнама ғой, үйленсе әлем шулайтын еді", "Қыздар жылайтын болды-ау", "Бұл жарнама ма, әлде расында үйленіп жатыр ма?", "Бақытты болсын", "Димаш ең жақсыға лайық", "Үйленіп жатыр ма?" - деді жұрт.

    Айта кетейік, аталған видео белгілі бір өнімнің жарнамасы болуы ықтимал. Өйткені кейбір оқырмандар бейнежазба жарнамалық негізде түсірілгенін, ал суреттер елордадағы билбордтарда ілініп тұрғанын айтып жатыр. Димаштың өзі фотосессияға қатысты пікір білдірген жоқ.

    "Үйленіп жатыр ма": Димаш Құдайбергеннің бейтаныс аруға жүзік сыйлаған видеосы қызу талқыға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.