jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Темір емес, шын тұлпар": Айшолпан Тілеутайға жерлестері ерекше сый тарту етті (фото)

    Айшолпан Тілеутай жерлес ағасымен
    Айшолпан Тілеутай жерлес ағасымен. Фото: Instagram/tleutai.aisholpan

    Отандық танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай туған өңірі Шығыс Қазақстанға барып, жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленді. ШҚО тұрғындары өнер иесін ерекше сыймен күтіп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айшолпан Тілеутайдың жерлес ағалары оны жылы қарсы алып, оған тұлпар мінгізген. Бұл туралы айтыскер арудың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    Өнер иесі тұлпарды табыстап жатқан сәттен сурет жариялап, жерлестеріне алғысын айтты.

    "Қазақтың қазақтығы қанында, мінезінде болады. Ал адамның адамдығы - жүрегінде. Туған елге сағынышпен келгенде ағалық мейіріммен кең құшағын жайып қарсы алған ағаларыма мың алғыс! Дархан көңілді, жарқын жүзді Арман ағам темір емес, шын тұлпар мінгізді! Күн жылытпас қара тасты көңіл ғана жылытады, сөз өтпеген қатынасты ақ пейіл ғана жақындатады. Ақпақ та, кең пейілдеріңнен айналдым, ағалар! Қымызы балдай Саржал жасай берсін", - деп жазды Айшолпан Тілеутай.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.