jitsu gif
Шоубиз

    "Енді жасырудың қажеті жоқ": Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті (видео)

    Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров
    Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров. Фото: instagram.com/ aizhuldyz_adaibekova

    Отандық актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Ол ғашығымен түскен видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    Көптен бері жүрегін жаулаған ер азаматты көрсетпей жүрген Айжұлдыз желі оқырмандарын таңғалдырды. Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны жүктеп, ғашығын жұртпен таныстырғандай болды.

    "Енді жасырудың қажеті жоқ", - деп жазды актриса.

    Айта кетейік, блогердің таңдауы Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогерге түскенін желі қолданушылары осыған дейін-ақ біліп қойған. Олар Айжұлдыз Адайбекова жариялаған видеолардан жігіттің тыртығын байқап, өз бетінше топшылаған.

    Ал қазір көпшіліктің күмәні сейіліп, жастарға бақыт тілеп жатыр.

    "Қасиеттерін қуаттар, қанат берер бақытты жұп болыңдар", "Біз білдік", "Сендер үшін қуаныштымын", "Бақыт тілейміз", "Сәкен, бағың бар екен", - деп жазды жұрт.

    "Енді жасырудың қажеті жоқ": Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.