jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Төреғали мен Ерке қырылып қалды": режиссер "Алло" бейнебаяны туралы ел білмейтін ақпарат айтты (видео)

    Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан
    Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан. Видеодан кадр: instagram.com/ Gakku TV

    Отандық клипмейкер, әзілкеш Парасат Ибраев "Алло" бейнебаянының түсірілімі туралы ел білмейтін ақпарат айтты. Ол Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның дуэтіне қатысты "ТОП-3" бағдарламасында баяндады.

    Парасат Ибраев "Алло" бейнебаяны Youtube желісінде қазақстандық туындылардың ішінде ең көп қаралым жинағанын айтты. Дегенмен түсірілім тобына бұл жобаны түсіру оңайлыққа түспеген. Оған себеп – қос әншінің ренжісіп қалуы.

    "Бейнебаянның соңында Ерке мен Төреғалидің кездесетін жері бар. Соны түсіріп жатқан кезде екеуі қырылып қалды. Солай бәрі тоқтады. Жалпы өте қиын жоба болды. Төреғали маған "ақшаңды береміз, бәрін өшіріп таста" деді. Жарайды дедім, бірақ өшірмедім.

    Бір айдан кейін қайта хабарласып, видеоның бар-жоғын сұрады. Табысыпты. Ал мен монтажын бітіріп, тапсырдым. Оларға ұнап, шығарып жібердік. Бір айдың ішінде бес миллионнан артық қаралым жинап үлгерді. Бұл – мұндай қаралым жинаған алғашқы бейнебаян", - деді Парасат Ибраев.

    "Төреғали мен Ерке қырылып қалды": режиссер "Алло" бейнебаяны туралы ел білмейтін ақпарат айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.