jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Орнымнан тұрып, кете беремін": Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі туралы айтудан бас тартты

    Сәбит Әбдіхалықов
    Фото: Видеодан кадр

    Отандық танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі туралы сұрақ қойған журналиске жауап беруден бас тартты. Өнер иесі бұл тақырыпта аясында неге сыр шерткісі келмейтінін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сәбит Әбдіхалықов сұқбат басында жеке өмірі туралы сұрақ қойылса орнынан тұрып, кетіп қалатынын ескертті. Актер бұл жайында халыққа сырын ақтарғысы келмейтінін жеткізді.

    "Жеке өмірім жайында талқылағым келмейді. Жеке өмір ол тек менікі. Оны елмен бөлісіп, талқылағанды қаламаймын. Шығармашылық, әдемі өмір жайында сырласуға болады. Жеке өмірім туралы сұрақ басталса, орнымнан тұрамын да кете беремін. Халық қызықса, қызықсын енді. Әркім өзі біледі. Кейбірі ашып айта береді. Бірақ менің ұстанымым басқа. Мен жеке өмірім туралы айтпаймын, айтқан да емеспін", - деді өнер иесі "БазарLike" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.