jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Иттігімді кешірмеймін": әнші Медеу Арынбаев өміріндегі өкінішін айтты

    Медеу Арынбаев сұхбат кезінде
    Медеу Арынбаев сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

    Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев өмірінде қай қылығы үшін қатты өкінетінін айтты. Өнер иесі әйелі екінші перзентін босанарда оған қолдау білдіріп, қасынан табыла алмағаны үшін өзін кешіре алмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Медеу Арынбаев сол кезде екінші перзенті де ұл болғанын қалағанын жасырмады. Алайда кейін қыз баласының жөні бөлек екенін түсінген.

    "Қызды болатын кезім. Жігіттермен бас қосып, тойлауды бастап кеттік. "Құдай қаласа екіншісін күтіп жатырмыз. Құдайдан ұл тілеп отырмын" дедім. Әйелімді перзентханаға алып кетті. Үйде аналарымыз күтіп жатыр. Сол кезде келіншегіме қолдау білдіріп, демеу болуды ойламаппын. Қайтеміз сол кезде оңбадық қой. Балалық болды ма? Шалалық болды ма? Өзімді сол үшін әлі кешірмеймін.

    Түннің кезінде маған қоңырау шалып, қыз дүниеге келгенін айтты. Таңғалып қалдым. Кейін қызым үйге келген соң, ұл бала қолдан тарта береді. Қыз баланың жөні бөлектеу екен. Қырқынан шыққан соң қызыма деген сүйіспеншілігім ерекше болып кетті. Әлі күнге дейін сондай. Күнде кешірім сұраймын. Сол кезде айтқан иттігімді кешірмеймін", - деді өнер иесі "Ұрпақ" подкастында.

    "Иттігімді кешірмеймін": әнші Медеу Арынбаев өміріндегі өкінішін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.