jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Көз тимесін": Ерке Есмахан ерекше отбасылық суреттерімен елді сүйсінтті

    Ерке Есмахан отбасымен
    Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде ерекше отбасылық фотосессиясын жариялап, елді сүйсінтті. Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан күйеуі мен ұлдарымен бірге түскен суреттерін Instagram-дағы парақшасында жария етті. Онда жұлдызды отбасының бақытты сәті көрініс тапқан.

    Өнер иесі бұл фотосессияны кіші ұлы Исламның жеті айға толуына қарай ұйымдастырғанын айтты.

    " Жанұя. Исламға бүгін 7 ай. Махаббаттан жаратылған балапан. Аллаға сансыз шүкір айтамын. Әр шаңырақта береке, бақыт, байлық болсын. Жақсылық жұғысты болсын", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тамсанып, оларға ақ тілегін жаудырды.

    "Көз тимесінші. Өте керемет отбасы", "Қандай бақытты сәт. Осындай күндеріңіз көп болғай", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", Балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Үлгілі жанұя", " Ерке мен Раймның бір біріне деген сүйіспеншіліктерін көріп қуанамын", "Бақытты болыңыздар", - деп жазуда оқырмандар.

    "Көз тимесін": Ерке Есмахан ерекше отбасылық суреттерімен елді сүйсінтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.