jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Көзің көрмей қалады": Балжан Бидаш ажырасудан кейін күйзеліске түскенін айтты

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Отандық танымал әнші Балжан Бидаш ажырасудан кейінгі өмірі туралы жан сырын ақтарып, күйзелістен қалай шыққанын айтты. Өнер иесі қарым-қатынастың уақытында тоқтағаны дұрыс деп есептейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш басынан өткен ауыр кезеңді Instagram-дағы парақшасында баяндап берді. Ол ажырасудан кейін күйзеліске түссе де, психолог мамандарға жүгінбегенін жеткізді.

    "Достар шыны керек ажырасуға қатысты сұрақтардан шаршап кеттім. Нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда ажырасып кетемін деп ойламайды. Соңына дейін сол жанмен бақытты боламын деп ойлайды. Тағдыр болмаса қарым-қатынастың уақытында тоқтағаны дұрыс. Біздің де қарым-қатынасымыз тоқтады. Ажырасу кімге болса да оңайға соқпайды. Күйзелісте болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек күйзелісте жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Түрлі бизнес тренингтерге қатыстым", - деп жазды әнші.

    Балжан Бидаштың Stories-i
    Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

    "Көзің көрмей қалады": Балжан Бидаш ажырасудан кейін күйзеліске түскенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.