jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Парижге жолдама": Фариза Төреәлі әкесінің туған күніне ерекше тосынсый жасады

    Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев ата-анасымен
    Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев ата-анасымен. Видеодан кадр: Instagram/farizatoreali

    Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі әкесін туған күнімен құттықтап, оған ерекше тосынсый жасады. Төреғалидің қарындасы ата-анасына Парижге жолдама сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Төреәлі әкесіне аса бағалы сыйлықты тарту еткен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Блогер ару мен оның күйеуі Дархан Нортаев Парижге екі жолдаманы туған күнге орай ұйымдастырылған отырыс барысында сыйлаған.

    Төреғали Төреәлінің ата-анасы балаларынан мұндай сыйды мүлдем күтпеген болып шықты. Олар жолдаманы көргенде қатты таңғалып, қуанышын жасыра алмады.

    "Әкемнің туған күніне анам екеуіне Парижге жолдама. Ес білгелі әкемнің еңбекқорлығын, ақ ниетін, әрбір істі тек адалынан жасайтынын, әсіресе "отбасым" деп ішкен асын жерге қойып біз үшін бәрін істейтінін көріп өстім. Әкемізге қанша алғыс айтсақ та аз шығар. Бала-шағасын өсіріп, өндіріп, енді немерелеріне әлемде жоқ ата рөлінде қамқорлығын аямай төгуде. Әкешім туған күніңіз құтты болсын! Қазіргі кезде ата-анамызға керегі тек эмоция, естеліктер ғой деп өздері қалап жүрген елге саяхат сыйладық. Бастысы қатты қуанды", - деп жазды Фариза Төреәлі.

    "Парижге жолдама": Фариза Төреәлі әкесінің туған күніне ерекше тосынсый жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.