jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бұйырсын": Гүлзира Айдарбекова Корей еліндегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті

    Гүлзира Айдарбекова Корей елінде
    Гүлзира Айдарбекова Корей елінде. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

    Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тағы да шетелге демалысқа ұшып кетті. Бұл жолы Қайрат Нұртастың анасы Корей елінде саяхаттап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айдарбекованың шетелге демалуға кеткені туралы Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды. Продюсер бұл сапарға жақын достарымен бірге баруды шешкен.

    Қайрат Нұртастың анасы Кореядағы демалысы қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті. Гүлзира Айдарбекова әсем әрі тарихи жерлерді аралап, саяхатынан алған әсерін өз парақшасында айтты.

    "Корея елінен естелік болсын! Алла баршамызға амандық беріп, еңбегіміздің зейнетін көріп, менің өмірімнің бір бөлшегі оқырмандарыма да әлемді көзбен көру бұйырсын", - деп жазды продюсер.

    Желі қолданушылары Айдарбековаға жақсы демалыс тілеп, жылы лебізін білдірді.

    "Керемет, саяхаттаудан шаршамау керек. Жақсы демалыс болсын", "Сізге қызығамын. Сіздің жасыңызға келгенде осылай ел аралауды нәсіп етсін", "Қандай күшті. Үйде отыра бергенше, осылай ел аралағанға не жетсін", "Дұрыс, жасарыңызды жасадыңыз. Енді демалатын уақыт келді", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.