jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстанның атақты әншісі Мақпал Жүнісоваға концертінде тосынсый жасады

    Мақпал Жүнісова мен Ахтамбек Юлдашев
    Мақпал Жүнісова мен Ахтамбек Юлдашев. Видеодан кадр: instagram.com/ zhunusova.makpal

    Өзбекстанның атақты әншісі Ахтамбек Юлдашев Мақпал Жүнісоваға концертінде тосынсый жасады. Екі ай бұрынғы видеоны халық әртісі Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

    Видеода Ахтамбек Юлдашев Мақпал Жүнісоваға құшақ-құшақ гүл беріп, торт пен зергерлік бұйым сыйлағанын байқауға болады. Өзбекстанның атақты әншісі осы сәтте Мақпал Жүнісоваға ақ тілегін жаудыра кетеді.

    "Ассалаумағалейкум, құрметті қауым. Мақпал Жүнісова – аңыз адам, Қазақстанның "Примадоннасы". Мен оны өте қатты жақсы көремін, мұндай адам жоқ. Сондықтан Мақпал Жүнісованы көргенде 150 жыл өмір сүрсін деймін. Мақпал, саған зор денсаулық тілеймін. Бәрін тастап, сені құттықтауға келдім", - дейді ол.

    Ал Мақпал Жүнісова Атхамбек Юлдашевтан мұндай тосынсыйды күтпегенін алға тартты.

    "Бүгін осындай тосынсый жасайды деп ойлаған жоқпын. Атхамбекті көрмегелі қай заман... 10 жылдан асты ма? Қай жақтан келе жатқан әскер деп шошып кеттім ғой. Көп рақмет, аман болсын. Көршімен тату болған жақсы ғой", - деп түйіндеді Мақпал Жүнісова.

    Өзбекстанның атақты әншісі Мақпал Жүнісоваға концертінде тосынсый жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.