jitsu gif
Шоубиз

    "Мүлдем жараспай тұр": сұлулық салонын ашқан Аша Матайдың киімі көпшілікке ұнамай қалды (видео)

    Аша Матай
    Аша Матай. Видеодан кадр: instagram.com/ asha_matai

    Жақында отандық тележүргізуші Аша Матай сұлулық салонын ашты. Блогердің қуанышты сәтін бөлісуге өнердегі және өмірдегі әріптестері келді. Ал желі оқырмандарына оның киімі ұнамай қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аша Матай жолдасы Арман Қоңырмен түскен видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ал видеодан тележүргізушінің салтанатты ашылу салтанатына сары көйлек пен қара пиджак киіп, ерекше көзілдірік таққанын аңғаруға болады.

    Мұны көрген көпшілік оның стилін сынап тастады.

    "Сары киім мен оверсайз костюм мүлдем жараспай тұр", "Анасы мен ұлы сияқты", "Неге үлкен әйел сияқты киінеді? Онсыз да үлкен көрінеді", "Костюм онша емес, бәрін құртып тұр", "Негізі Аша әдемі келіншек, бірақ мынау қандай сән?", "Мына көзілдірік болмады", "Мұндай маңызды күні әдемірек киім киюге болар еді", "Ерекше көрініп тұрған жоқсың"- деді жұрт.

    Желі оқырмандарының арасында Аша Матайды жақтағандар да табылды.

    "Неге теріс пікір жазасыздар?", "Барлығы әдемі жарасып тұр, біз білмейтін стиль шығар", "Бәрі жарасады", "Сұлу келіншек", - деп жазды олар.

    "Мүлдем жараспай тұр": сұлулық салонын ашқан Аша Матайдың киімі көпшілікке ұнамай қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.