jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Зәкең тірі болғанда": Мақпал Жүнісованың 23 жыл бұрынғы видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: instagram.com/ zhunusova.makpal

    Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова 23 жыл бұрынғы видеосын жариялады. Көпшілік халық әртісінің жас кезіндегі дауысы мен сыр-сымбатына тәнті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова көпшілікке марқұм Талғат Атшыбаевтың әні мен сөзіне жазылған "Шалқымалы" әнін сахнада орындаған сәтін көрсетті.

    Мұны көрген көпшілік халық әртісінің өнері мен сыр-сымбатына оң пікір жазып қалдырды. Олардың қатарында Заманбек Нұрқәділовке қатысты пікір жазғандар да табылды.

    "Ерке, бойына арамдық ұстамайтын, жүрегі таза Мақпал сол Мақпал", "Әттең, Зәкең тірі болғанда бәрі басқаша болар еді", "Көйлегіңіз өте әдемі", "Бақытты әйел болған уақыт", "Ер азаматың болғаны қандай жақсы, арқа сүйейсің, еркелейсің", "Ағамыз бар, бақытты шақ екен ғой", - деді жұрт.

    "Зәкең тірі болғанда": Мақпал Жүнісованың 23 жыл бұрынғы видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.