Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады: елорда күні қалай атап өтілді
Жарияланған күні:

Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспанда дрондардың бірегей шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
6 шілдеде ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концертінен кейін ASPAN Жарық дрон-шоуы өткен.
Дрондар түнгі аспанда мынадай бейнелерді көрсетті:
- Жер Планетасы
- Қазақстан картасы
- Шаңырақ
- Зымыран және Сатурн
- Бәйтерек
- "Таза Қазақстан"
- Қазақстан Туы
- Жүрек және Астана
"Дрондар шоуы үшін аспанға 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды, оның 70-і – пиротехникалық дрондар. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Барлық көрнекі әсер қазақ және шетелдік композиторлардың музыкасымен үндестірілді", - делінген сайтта.
Айта кету керек, 100 мыңнан астам адам Open Air мерекелік концертіне және дрондар шоуына қатысты. Түрлі-түсті жарық шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.
Ашық аспан астындағы мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T ' OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетті.
Сонымен қатар 7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі, "Мade in KZ" тобы, Ибрагим Ескендір және "Алтын Домбыра" балалар шығармашылық орталығы, "Assyl" тобы, Kalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2130225-astanada-drondar-shouyn-100-myngnan-astam-adam-tamashalady-elorda-kuni-qalai-atap-otildi-video/