jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Әпкесіне еркелеп": Мақпал Жүнісовамен билеген Нұрболат Абдуллин елді сүйсінтті

    Нұрболат Абдуллин мен Мақпал Жүнісова билеп жүр
    Нұрболат Абдуллин мен Мақпал Жүнісова билеп жүр. Видеодан кадр: Instagram/nurbullin

    Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісова мен Нұрболат Абдуллиннің тойда билеген видеосы тарап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар әншілердің өзара сыйластығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Нұрболат Абдуллинмен билеген видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Қос әртіс белгілі асаба Руслан Искаковтың туған күн кешінде көріскен.

    Жүнісова ортаға шығып, туған күн иесінің құрметіне ән шырқаған. Эстрада жұлдызын қолдау білдіріп, алғаш болып билеп шыққандардың арасында Нұрболат Абдуллин де бар. Бейнежазбада әнші жұлдызды әпкесіне еркелей билеп жатқанын көруге болады.

    Желі қолданушылары қос жұлдыздың видеосына тамсанып, оларға жылы лебізін білдірген.

    "Осы екі кісіге не істесе де жарасады", "Менің ең сүйікті әншілерім", "Мақпал әпкесіне еркелеп билеп жүр өзі", "Өзара сыйластықтары ерекше", "Керемет, тамаша. Айтарға сөз жоқ бәрі жарасымды. Кең журекті бауырын еркелеткен апайы", "Әпкесін барынша қолдап тұрған түрінен", - деп жазуда көпшілік.

    "Әпкесіне еркелеп": Мақпал Жүнісовамен билеген Нұрболат Абдуллин елді сүйсінтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.