jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Әкесінің орнына әке болған": тойда інісінің әнін тыңдаған күйеу жігіт көз жасына ерік берді

    Қалыңдық пен күйеу жігіт
    Қалыңдық пен күйеу жігіт. Видеодан кадр: instagram.com/ sharapat_maxanbetzhan

    Әлеуметтік желіде тойда ағасына ән арнаған баланың видеосы тарады. Автордың айтуынша, салтанатты кеш Арал қаласында өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бейнежазбаны Шарапат Маханбетжан атты асаба жүктеген. Ол Арал қаласында ұйымдастырылған тойда керемет сәттің куәгері болғанын жазыпты. Ал видеода кішкентай баланың үйленіп жатқан ағасына ән арнағанын аңғаруға болады. Ал ағасы інісінің әнін тыңдап, көз жасына ерік береді.

    "Әкесінің орнына әке болған ағасына ән арнады. Ағасы көз жасын тия алмай жатыр. Әр іні өз ағасына әкесіндей құрмет көрсетсе, әр аға інісіне баласындай мейірім бөлмей ме?", - деді асаба.

    Мұны көрген желі қолданушылары ағасы мен інісінің бауырмалдығына тәнті болды. Олар шаңырақ көтеріп жатқан азаматтың мейірімді екенін жарыса жазып жатыр.

    "Ағасының жүрегі жұмсақ екені көрініп тұр", "Бауырлардың ынтымағы арта берсін", "Ағасы мейірімді екен", "Бақытты болсын", "Осындай ағаңның барына шүкіршілік, аман болсын", "Арқа сүйерің болсын", "Жаным-ау, бәрімізді жылаттың. Жұдырықтай жүрегіңнен айналдым" , "Көз жасын тыя алмай тұр. Жүрегі жұмсақ, нағыз қамқор аға", "Қосылып жыладым ғой", - деді жұрт.

    "Әкесінің орнына әке болған": тойда інісінің әнін тыңдаған күйеу жігіт көз жасына ерік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.