jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Анама жаным ашиды": Айгүл Иманбаева мінезі туралы бар шындықты айтты

    Айгүл Иманбаева
    Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

    Қазақстандық танымал актриса Айгүл Иманбаева жасөспірім кезін еске алып, мінезі қандай болғанын айтты. Өнер иесі сол сәттерді ойласа, анасына қатты жаны ашитынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Иманбаева бала кезінен бері мінезі аса ауыр болғанын ашып айтты. Ол анасы ұрысқанда өзінен келіп кешірім сұрамайынша үйге кірмейтінін жеткізді.

    Десе де өнер иесі осы қайсар мінезінің арқасында көп жетістікке жеткенін алға тартты.

    "Анамды ойлап кетсем жаным ашиды. Себебі бала кезде өте бұзық болдым. Итке де, есекке де таландым. Бұзаудың үстіне отырып, қолымды да сындырдым. Бірақ соған қарамастан мектепті беске оқыдым, өз айтқанымнан қайтпайтын алғырмын. Анам өмір бойы менің сенімділігімді көтеріп отырады. Барлық кемшіліктерімді артықшылыққа айналдырып жібереді. Сол себепті мен мүлдем комплексіз өстім.

    Ер жетіп келе жатқан шағымда анам маған ұрысқанда мен сабанның үстіне барып, жатып алатынмын. Өзі кешірім сұрап, үйге кіргізбейінше мен өзім кірмейтінмін. Мінезім сондай болды. Сол мінездің арқасында лидер болдым. Бұл анамның арқасы деп білемін. Мені сындырмады. Бірақ ол кісіні ойлап кетсем, жаным ашиды. Мұндай мінезді қызды бағып өсіріп, көшке қосу оңай емес", - деп ағынан жарылды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    "Анама жаным ашиды": Айгүл Иманбаева мінезі туралы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.