jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жақыным денсаулықпен сыналып жатыр": Фариза Төреәлінің оқырмандары бес сағатта 30 млн теңге жинаған

    Фариза Төреәлі
    Фариза Төреәлі. Фото: Instagram/farizatoreali

    Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі жақынының еміне қыруар қаражат қажет екенін айтып, желідегі оқырмандарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Желі жұлдызына жазылған жомарт жандар 5 сағаттың ішінде 30 млн теңге жинаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төреғали Төреәлінің қарындасы жақыны ауыр дертке шалдығып, оған тез арада ота жасату керек екенін айтты. Блогер ару Instagram-дағы парақшасында көпшілікті көмек қолын созуға шақырды.

    Фариза Төреәлі 7 күнде 40 млн теңге жинау керек екенін жеткізді. Алайда желі жұлдызының оқырмандары небәрі 5 минутта 1 млн теңге, 2 сағатта 15 млн теңге, 5 сағатта 30 млн теңге жинап берген.

    "Мен сбор мүлде жасамаймын білесіздер. Алдыңғы жолы алғаш рет жасап күзетгі апаға оқырмандар болып жиналып жарты күнде 20 миллион теңге жинап үй алып берген едік. Бұл жолы жақыным денсаулықпен сыналып жатыр. Жақын адамыңның бұндай хәлге түсуін көру жүрекке қатты батады. Диагнозы өте ауыр. Өзі екі баланың анасы. Балалары анасын сағынып жүр. 7 күнде 40 млн теңге операциясына табу керек болып тұр" , - деп жазды блогер.

    Фариза Төреәлінің Stories-i
    Фариза Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/farizatoreali

    Фариза Төреәлінің Stories-i
    Фариза Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/farizatoreali

    "Жақыным денсаулықпен сыналып жатыр": Фариза Төреәлінің оқырмандары бес сағатта 30 млн теңге жинаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.