jitsu gif
Шоубиз

    "Кептер жедік": Мөлдір Әуелбекова балалық шағын еске алып, жұртты күлкіге қарқ қылды (видео)

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: instagram.com/ moldir. auyelbekova

    Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова балалық шағын еске алып, жұртты күлкіге қарқ қылды. Ол көпшіліктен кептер жегендердің қатарында кім бар екенін сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Әуелбекова видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Картоп күйесімен мейлі ғой. "Бала кезде неге біз кептер жедік екен?” - деп ойланып отырмын. Кептер жегендер барсыңдар ма?" - деді әнші.

    Мұны көрген көпшілік өнер иесін қолдай кетті. Олар да балалық шағын еске алып, естеліктерін жазды.

    "Бармыз", "Сорпалататын едік қой", "Қой бағып жүріп, осылай картопты күйдіріп жеуші едік", "Бала кезде осылай жейтінбіз", "Ас болсын", "Күйген картоп ерекше ғой", "Кептерді жемеңдер, ол – бейбітшілік құсы", ""Жедік, ет сатып алып жеу қиын еді ғой", "Есімде, дәмі күшті еді ғой", - деп күлді көпшілік.

    "Кептер жедік": Мөлдір Әуелбекова балалық шағын еске алып, жұртты күлкіге қарқ қылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.