jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Бала арманым": Фариза Төреәлінің күйеуі оған тосынсый жасады

    Фариза Төреәлі
    Фариза Төреәлі. Видеодан кадр: instagram.com/ farizatoreali

    Отандық блогер Фариза Төреәлінің күйеуі Дархан Нортаев жұбайына тосынсый жасады. Бұл жайында Төреғали Төреәлінің қарындасы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

    Фариза Төреәлінің сөзінше, күйеуі оның бала арманын орындаған. Яғни, кішкентайынан барғысы келетін мемлекетке виза жасатқан.

    "Бүгін анам екеуміз демалып, жақсы уақыт өткіздік. Ал Дархан Дара екеуі жұмыстарын бітіріп, қыдырыпты. Мені алып кетуге келіп осындай тосынсый жасады. Менің бала арманымдағы елге виза жасатып, тіпті билет алып қойыпты. Кім табады, қайда барамыз?" - деді Фариза Төреәлі.

    Мұны көрген көпшілік блогердің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

    "Осындай жігітті қайдан тауып аласыңдар?", "Корея шығар, EXO тобының концертіне барғыңыз келіп еді ғой", "Қыздарымның күйеуі Дархандай болса", "Күйеу емес, періште", "Армандарың орындалсын", - деп жазды жұрт.

    "Бала арманым": Фариза Төреәлінің күйеуі оған тосынсый жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.