jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Біз жақта ауланы ер адамдар сыпырады": Меруерт Түсіпбаева Сарыағаштағы келіндік өмірі туралы айтты

    Меруерт Түсіпбаева
    Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, қандай келін болғанын айтты. Өнер иесі Шымкенттің өзге келіндері секілді таңғы алтыда тұрып, аула сыпырмағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Меруерт Түсіпбаева келіндік қызметін қалай атқарғанын өзінің Youtube арнасында айтып берді. Өнер иесі алғаш келін болып түскенде жолдасы өзін үлкен қолдау көрсеткенін жеткізді.

    "Сарыағашқа келін болып түстім. Мен тұрмысқа шыққанда театрда жұмыс істеп, "Қимай сені барамын" деген хитім шығып кеткен кезең ғой. Мен Сарыағашта 40 күн ғана болдым. Күйеуім студент. Жаздық демалысымыз аяқталған соң, Алматыға қайттық. Сарыағашта шілдеде қатты ыстық. Күйеуім маған "таңғы алтыда тұрып, ауланы сыпырасың" деді. Мен неге тым ерте екенін сұрадым. Күйеуім өте жақсы жігіт болды. Қазір тірі, жүз жасасын. Ол маған "көршілер сөгеді, анама ұят болады" деді. Мен оған "әбден ұйқымды қандырып, 12-лерде тұрып сыпырайын" дедім. Ол қоймаған соң, мен келістім. Бірақ алтыда тұра алмадым. Сегіздерде тұрып жүрдім. Енем ол үшін мені сөккен емес. Таңертең тұрып, бетімді ақ орамалмен түгел жауып аламын. Сосын өтірік сыпыра саламын. Күйеуім су сеуіп тұрады. Оған рақмет. Сарығашта деген масқара ыстық болған. Сондай келін болдым", - деді Түсіпбаева.

    Сонымен қатар эстрада жұлдызы бұрынғы жолдасымен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

    "Бірақ ол өмір менікі емес екен. Бүгінге дейін әлі араласып тұрамыз. Баламның әкесі ғой. Мен өзім Павлодарда өстім. Сол себепті олардың заңдары мен үшін өте қызық, қиын және түсініксіз болды. Біз жақта ауланы ер адамдар сыпырады", - деді әнші.

    "Біз жақта ауланы ер адамдар сыпырады": Меруерт Түсіпбаева Сарыағаштағы келіндік өмірі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.