jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тұрсын Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевқа су жаңа көлік сыйлады (видео)

    Тұрсын Алагөзов пен Атхамбек Юлдашев
    Тұрсын Алагөзов пен Атхамбек Юлдашев. Видеодан кадр: Instagram/athambek_yuldashev_official

    Отандық танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Өзбекстан әншісі Атхамбек Юлдашевқа салоннан көлік сыйлады. Өнер иесі қымбат сыйлық алғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Атхамбек Юлдашев қуанышты жаңалығын бірден оқырмандарына жеткізген. Әнші су жаңа көлікті табыстаған сәттің видеосын жариялап, көпшілікке қандай темір тұлпарға ие болғанын көрсетті.

    Тұрсын Алагөзов өзбекстандық әртіске қызыл түсті Cadillac Escalade маркалы көлігін сыйға тартқан.

    "Бауырлас еліміздің атынан бауырымызға сыйлық табыстап жатырмыз. Сізге зор денсаулық, бақыт пен махаббат тілеймін", - деді кәсіпкер.

    Атхамбек Юлдашев мұндай бағалы сыйлыққа қатты қуанып, алғысын айтты.

    "Сыйлық үшін рақмет. Маған қатты ұнап тұр. Мен тіпті мінуге қорқып тұрмын", - деді өнер иесі.

    Тұрсын Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевқа су жаңа көлік сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.