jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Түрлі ойлардың жетегінде жеттік": Роза Әлқожа балаларымен шығыс өңіріне жол тартты

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа балаларымен шығыс өңіріне жол тартты. Өнер иесі бұл жайында Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    Желіде саяхаты жайлы айтқан әнші сөз қадірі жөнінде де әңгіме қозғады.

    "Шығыстай шырайлы елге келіп жеттік, шүкір! Пойызда тербетіліп, түрлі ойлардың жетегінде жеттік. Балалармен бірге шыға бермейміз, Алла сапарымызды оң етсін! Сөз. Бүкіл ғаламның кілті жақсы сөзде. Абайлап қолданған абзал. Кемелденген сайын күрделенетін ғұмыр ма дерсің?!

    "Жаман сөздің өлетін жері - жақсының кеудесі" деген сөзге біраз тәуірлер таңғалысты бірде. Авторы ақын Танакөз еді. Бір сөзбен адам туысады, жат болысады, сағынып жүздеседі. Жадырап жүргенге не жетсін?! Жүзің жарық болғанға не жетсін?!", - деді ол.

    "Түрлі ойлардың жетегінде жеттік": Роза Әлқожа балаларымен шығыс өңіріне жол тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.