Дана Кентай су жаңа көлік сатып алғанын айтып, сүйінші сұрады (фото)
Опубликовано:
Отандық эстрада жұлдызы Дана Кентай су жаңа көлік сатып алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Ол қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Дана Кентай көлікті сатып алған сәтінен фото-видео жариялады.
"Соңғы жаңалық осы. Барша оқырмандарыма жұғысты болсын. Бүгін мейірімдімін", - деді ол.
Мұны көрген көпшілік эстрада жұлдызына ақ тілегін жаудырды.
"Құтты болсын", "Өзің мініп, өзің тоздыр", "Тұлпарың құтты болсын", "Әрқашан ақ жол болсын", "Тек жақсы жерлерге жеткізсін", "Жарайсың"- деді жұрт.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2138007-dana-kentai-su-zhanga-kolik-satyp-alganyn-aityp-suiinshi-surady-foto/