jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақсуатта концертке келген халық Төреғали Төреәліні 10 сағат бойы тік тұрып күткен (фото)

    Төреғали Төреәлі
    Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/ toregalitoreali

    Жақында Ақсуатта өткен концертте халық Төреғали Төреәліні 10 сағат бойы тік тұрып күткен. Олар түнде сахнаға шыққан сүйікті әншісінің өнерін тамашалап, бірге қосыла ән айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Төреғали Төреәлінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    "Аллам абыройдан айырмасын. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппын", - деді ол.

    Өнер иесі парақшасында Айдана есімді тыңдарманының видеосын бөлісті.

    "Халық көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс", - деп жазған ол.

    Бұл жағдайды тағы бір желі қолданушысы растады.

    "25 мың халық сағат 20:00-ден бастап күтті", - деді оқырман.

    Төреғали Төреәлі
    Төреғали Төреәлі. Скриншот: instagram.com/ toregalitoreali

    Ақсуатта концертке келген халық Төреғали Төреәліні 10 сағат бойы тік тұрып күткен (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.