jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Бәйбішелер тыңдатпайды": отандық актер тоқалдар туралы ән шығарды (видео)

    Дәурен Әбиев
    Дәурен Әбиев. Видеодан кадр: youtube.com/ HIT TV

    Отандық театр және кино актері Дәурен Әбиев тоқал туралы ән шығарды. Бұл жайында талант иесі "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сұқбат барысында Дәурен Әбиев ән таңдауға аса ұқыптылықпен қарайтынын айтты. Ол жақында көптің назарында жүрген тақырыпта ән жаздырғанын да жасырған жоқ.

    "Кеше Бауыржан Өскенбековтен бір ән алдым. Қазіргі өзекті тақырып. Келіншегім қалай қабылдайтынын білмеймін, екінші әйелге арналған ән, бірақ бірінші әйелін де қосады. Әзіл ән. Әйелім біледі, көзінше бірнеше рет айтқанмын. Біртүрлі болып қалды", - деді Әбиев.

    Осы ретте ол екінші әйел алуға қатысты ойын да айта кетті.

    "50-ден асқаннан кейін болмаса, қазір керегі жоқ, қазір жаспыз. Бірінші әйелімізді "қатырайық", балаларымызды өсірейік. Әйелден де басқа мәселе көп қой. Жалпы тоқал тақырыбы Қазақстандағы ең өзекті мәселе болып тұр. Бірақ бұл әнді тек тоқалдар тыңдайтын сияқты, бәйбішелер тыңдатпайды. Ән соңында "Бәйбішемдікі дұрыс екен ғой" деген сөз бар. Содан кейін бәйбішелер мені жақсы көріп кетеді", - деді ол.

    "Бәйбішелер тыңдатпайды": отандық актер тоқалдар туралы ән шығарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.