"Той көйлегін таңдауға бара жатырмын": Балжан Бидаш видеосымен елді ойландырып қойды
Опубликовано:

Некесі сәтсіз аяқталған әнші Балжан Бидаш желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Өнер иесі қалыңдық көйлегін таңдауға бара жатқанын хабарлап, елді ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында оқырманларымен байланысқа шығып, өмірінде болып жатқан жаңалықтарын айтты. Өнер иесі
"Сәлем достар, осыған дейін Алматыда күнде жаңбыр, салқын болып тұрды. Бірақ дәл бүгін 30 градус ыстықта көшеде жаяу асығып кетіп бара жатырмын. Өйткені той көйлегін таңдаймын. Бақытты болып кетіп бара жатырмын. Құрбыларым күтіп тұр", - деді өнер иесі.
Желідегілер бірден әнші арудың тағы да тұрмысқа шыққалы жатқанын болжап жазды. Алайда Балжан Бидаш жаңа видео жариялап, көпшілікке бұның барлығы пранк болғанын айтты.
Белгілі болғандай, шоу-бизнес жұлдызы жақында тұрмысқа шығатын құрбысы Фариза Ескермеске қалыңдық көйлегін таңдасуға келген.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2140101-toi-koilegin-tangdauga-bara-zhatyrmyn-balzhan-bidash-videosymen-eldi-oilandyryp-qoidy/