jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "250 мың теңгеге cатып алды": Диана Исмаил Ерке Есмаханға берген әнінің тарихын айтты

    Диана Исмаил
    Диана Исмаил. Фото: instagram.com/diana_ismajl

    Қазақстандық танымал сазгер Диана Исмаил Ерке Есмахан орындайтын "Қайда?" әнінің тарихын айтып берді. Эстрада жұлдызы студияда аталмыш өлеңді естіп қалып, бірден композитор арудан сатып алуды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Диана Исмаил Ерке Есмаханмен алғаш танысқан сәтті еске алып, "Қайда?" әні туралы айтып берді.

    Сазгер ару хит туындыны шоу-бизнес жұлдызына 250 мың теңгеге сатып жіберген.

    "Қазақстан дауысынан" кейін мені халық тани бастады. Ол кезде 1-курс студентімін. Ол байқаудан кейін жаңа ән сатып алуға қаражатым болмады. Студияға жарыққа шықпаған бірнеше ескі әнімді апарғанда әнші Ерке Есмахан да сол студияға келіп менің әнімді естіп қалыпты. Кейін маған хабарласты. "Ерке деген әпкең боламын, сен әніңді шығарайын деп жатырсың ба?" деп сұрады, сатып алғысы келетінін айтты. Ол әнді мен 15 жасымда жазған едім. Әннің бағын әнші ашты. 160 миллион қаралым жинап тұр

    Сол әнді 300 мыңға бағаласам, қымбат болар деп, 250 мыңға Ерке сатып алды. "Маған сол кезде бұл үлкен ақша боп көрінді. Ол кезде қатарластарым даяшы боп жұмыс істейді. Мен әлгі жерде 250 мың теңгені алған соң "бұл ақшаға не істеуге болады?" деп көп ойландым. Америкаға барсам ба екен, кеме жалдасам ба екен, ақша жинап, көлік алсам ба екен деп ойладым. Қазір де жап-жақсы ақша сияқты ", – деді Диана Исмаил Динара Сәтжанға берген сұқбатында.

    "250 мың теңгеге cатып алды": Диана Исмаил Ерке Есмаханға берген әнінің тарихын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.