jitsu gif
Шоубиз

    "Құны – 20 млн теңге: Мөлдір Әуелбекова көпшілікке су жаңа көлігін көрсетті (видео)

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: Instagram/moldir.auyelbekova

    Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа көлік сатып алды. Өнер иесі бұл жаңалығын бірден оқырмандарына хабарлап, таңдауы қандай темір тұлпарға түскенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Әуелбекова қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Эстрада жұлдызы жаңа көлігімен түскен видеосын жариялап, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын білдірді.

    "Құттықтағандарға жұғысты болсын", - деп жазды өнер иесі.

    Белгілі болғандай, әншінің таңдауы Zeekr 001 автокөлігіне түскен. Бұл темір тұлпардың Қазақстан нарығындағы орташа бағасы 20 млн теңгені құрайды.

    Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызын жарыса құттықтап, оған ақ тілегін жолдады.

    "Берекелі көлік болсын", "Өзіңізге соңына дейін қызмет етсін", "Құтты болсын, өзім алғандай қуанып тұрмын", "КөЛігіңіз тозса да, өміріңіз тозбасын", "Құттықтаймын. Сіз үшін шын жүректен қуаныштымын", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.