jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ғашық болып қалған": Динара Қырықбаеваның жаңа видеосы елді ойландырып қойды

    Динара Қырықбаева
    Динара Қырықбаева. Фото: instagram.com/kyrykbayeva

    Қазақтандық танымал әнші Динара Қырықбаева желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Көпшілік өнер иесінің жеке өмірінде өзгерістер болып жатқанын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Динара Қырықбаева көлікте әндетіп келе жатқан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Желідегілердің пайымдауынша, өнер иесі бейнежазбада ерекше бақытты болып көрініп тұр.

    "Жүрек кім көрінгенді таңдамайды. Ол өзіне жақын жанды бірден сезеді", - деген жазба қалдырды әнші.

    Оқырмандар қауымы бірден видеоны қызу талқылап, шоу-бизнес жұлдызын сұрақтың астына алды. Олардың басым көпшілігі әнші арудың ғашық болып қалғанын болжады.

    "Бір кісі ғашық болып қалған сияқты", "Күшті болып отырсың, сондай бақытты", "Бағың ашылсын. Мына күлкіге бір ер азамат себепкер секілді", "Ғашық екені айдан анық көрініп тұр. Бақытты болыңыз", "Сіздің бақытты болып, күлімсіреуіңізге кім себеп болды екен?", "Сүйіктіңізді жолықтырғансыз ба?", "Сіздің жүрегіңізді жаулап алған қай сері жігіт екен", - деп жазуда олар.

    "Ғашық болып қалған": Динара Қырықбаеваның жаңа видеосы елді ойландырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.