jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Адамдардың барлығы ем-шара бөлмелерінде": Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Өнер иесінің айтуынша, бүгінде ем-шара бөлмелерінде ұзын-сонар кезек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін балалары сырқаттанып қалғанын айтқан Роза Әлқожа енді өзі де ауырып қалғанын жеткізді. Өнер иесі бірден дәрігерлерге жүгініп, система салдыртқан.

    Әнші емханада түскен суретін жариялап, елдегі жағдай үшін алаңдаулы екенін айтты.

    "Үнсіз пандемия! Адамның бәрі ауруханада емес, жеке ем шара бөлмелерінде. Алматыда да, Шымкентте де көргенім сол! Бәрібір түбінде сыр беріп, өзің де системаға келгенсің ғой", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

    Роза Әлқожаның Stories-i
    Роза Әлқожаның Stories-i. Скриншот: Instagram/roza_alqozha

    Айта кетейік, бұған дейін Роза Әлқожа отбасындағы жағдайды айтып, оқырмандарын алаңдатып қойған еді. Әнші перзенттері ауырып, түнімен ұйықтамай жүргенін жеткізді.

    "Адамдардың барлығы ем-шара бөлмелерінде": Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.