jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Гауһар тасы бар": Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін сыйға тартты (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

    Қазақстанның Халық әртісі, күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенова өнердегі әріптесі Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін сыйлап, оған ақ тілегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға қолындағы гауһар тасы бар білезігін сыйға тартты.
    • Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде осы сәтті бейнеге түсіріп, жариялады.
    • Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға "Менің жасымды берсін" деп ақ тілегін айтты, ал желі қолданушылары қос әртістің сыйластығына риза болды.

    Ерекше сәттің видеосы Tik-Tok әлеуметтік желісінде жариялаған. Кейін Мақпал Жүнісова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Онда эстрада жұлдызы Бибігүл Төлегенова өзіне гауһар тасы бар білезігін сыйға тартқанын айтып, оған алғысын айтты.

    "Қолындағы гауһар тасы бар білезігін маған сыйлыққа беріп жатыр. Елдің анасы деп осындай кісілерді айтады. Көп рақмет", - деді Жүнісова.

    Бибігүл Төлегенова өнердегі әріптесіне "Менің жасымды берсін" деп ақ тілегін айтқан.

    Желі қолданушылары қос әртістің сыйластығына риза болып, оларға жылы лебізін білдірді. 

    "Қандай құрмет көрсетті, керемет!", "Мақпал апай қандай сыйға болса да, лайық", "Бір-бірін күндемей, осылай сыйласып жүргенге не жетсін?!", "Бриллиант білезікті шешіп бере салды ма?!", "Бас иіп, құрмет көрсеткені әсерлі болды", – деп жазды оқырмандар.

    "Гауһар тасы бар": Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін сыйға тартты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.