jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Танымал блогер Aeka Posh екінші рет тұрмысқа шықты

    Айым Алтынбекова
    Айым Алтынбекова. Фото: Instagram/aeka.posh

    Aeka Posh лақап атымен көпке танымал блогер Айым Алтынбекова екінші рет тұрмысқа шықты. Желі жұлдызы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айым Алтынбекова Instagram-дағы парақшасында түрлі видео жариялап, қалың көпшілікке құдалығы қалай өткенін көрсетті. Бейнежазбалардың бірінде сырға салу барысы көрініс тапты.

    Желі жұлдызы құлағына сырға тақпайтын болғандықтан, оған қолына білезік таққан.

    Блогердің ұзату тойы өз үйінде тек ет-жақындарының арасында өтті. Отырыстың соңында Aeka Posh қазақтың салт-дәстүрлеріне сай ұзатылып, жаңа үйіне келін болып түсті.

    Алайда блогер арудың жүрегін жаулаған ер азаматтың нақты кім екені әзірге белгісіз. Алтынбекова сүйіктісі туралы көп айтқанды ұнатпайды. Ол тіпті оқырмандарына оны жұртшылыққа көрсетуге дайын емес екенін айтқан.

    Айта кетейік, бұл Aeka Posh-тың екінші некесі болды. Бұған дейін блогер ару белгілі әнші әрі сазгер Дидар Кәденге тұрмысқа шыққан болатын. Алайда бұл неке сәтсіз болып, ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Олардың ортақ ұлы бар.

    Танымал блогер Aeka Posh екінші рет тұрмысқа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.