jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Бауы берік болсын": Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын жария етті (фото)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісованың отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің жиені, әнші Арманай Мұхамедиярова үшінші перзентін дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалықты Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі жиенінің перзентханада түскен суретін жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

    "Бүгін өте керемет күн. Туған әпкемнің қызы Арманай аман-есен босанды, тәтті қыз келді, баршаңызға бұйырта берсін", - деп жазды Жүнісова.

    Желі қолданушылары эстрада жұлдызын құттықтап, анасы мен баласына ақ тілегін жаудырды.

    "Бауы берік болсын", "Қандай керемет жаңалық. Анасы мен баласы аман болсын, өмір жастары ұзақ болсын", "Балапанның бауы берік болсын, үлкен азаматша болсын", "Сіздей көпке сыйлы тұлға болып өсе берсін", Қуанышыңызға ортақпыз", "Өнер саласын бағындырар қыз болсын", - деп жазуда көпшілік.

    "Бауы берік болсын": Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын жария етті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.