jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Денем көгеріп кетті": актриса Фариза Ескерместің Hen party кеші қалай өтті

    Фариза Ескермес құрбыларымен
    Фариза Ескермес құрбыларымен. Видеодан кадр: Instagram/fariza_yeskermes

    Жақында ұзатылған актриса Фариза Ескермес үйлену той алдында құрбыларымен Hen party кешін өткізді. Қалыңдық атаулы күнді ерекше стильде ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Ескермес Instagram-дағы парақшасында Hen party-ға дайындығын көрсетіп, бұл кешті үнді стилінде өткізетінін хабарлаған.

    Қалыңдық пен оның барлық құрбысы үндінің ұлттық киімін киіп келген. Жұлдызды қонақтар арасында Балжан Бидаш, Жазира Еркін, Ұлболсын Шалқарова мен Айдана Сахари секілді өнер иелері бар.

    Олар Hen party кешінен түрлі видео жариялап, қалыңдық үшін ерекше күннің қалай өткенін көпшілікке көрсетті. Құрбылары Фариза Ескерместі ортаға шығарып, үнді биін биледі.

    Актриса Hen party-ға киген көйлегі 25 келі болғанын айттты. Киімі ауыр болғандықтан өнер иесінің денесі көгеріп қалған.

    "Сари 25 келі болды. Оған қоса әшекей бұйымдардың өзі де 5 келідей болады. Ал менің салмағым небәрі 45 келі. Денем көгеріп қалды. Нәзік денем мұндай ауырлыққа шыдамады. Бірақ соған тұрароықтай болды. Бәрі сондай әдемі болып келді. Өзімді Үндістанда жүргендей сезіндім", - деп жазды актриса.

    Фариза Ескерместің Stories-i
    Фариза Ескерместің Stories-i. Скриншот: Instagram/fariza_yeskermes

    "Денем көгеріп кетті": актриса Фариза Ескерместің Hen party кеші қалай өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.